Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің және «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерекесі қарсаңында қазақтың біртуар ақыны, аты әлемге танымал Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Абай Құнанбаевтың монументінің ашылу салтанаты өткізілді.

Мерекелік іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С.Төребеков, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің асшысының орынбасары А.Қошқаров, Мақтаарал ауданы білім жәнеғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Мақтаарал ауданы әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, БАҚ өкілдері мен зиялы қауым, ауыл ақсақалдары қатысты.

Мерекелік шара барысында Мақтаарал ауданы білім жәнеғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов мектеп ұжымы мен барша қонақтарды атаулы мерекемен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелерін кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапаттады.

Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы Абай Құнанбаевтың монументінің ашылуы