«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА ДЕГЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

«АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ – АНА ДЕГЕН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 07 наурыз күні «Адамзаттың асылы – Ана деген» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Аудан көлемінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шарада білім беру саласында толағай табыстарға кенелген ұлағатты ұстаздарымызға «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлының атынан «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталып, марапатталды.

Сонымен қатар бар ғұмырын ағарту саласына арнаған ардагер ұстаздарымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұлағатты ұстаздарымыз көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.