“АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ-АНА” тақырыбында дөңгелек үстел.
Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебінің базасында “АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ-АНА” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы Батырбекова мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима және мектептердегі белсенді ұстаздар қатысты. Бүгінгі күні қоғамда әйелдердің алатын орны ерекше екенін атап өтіп, құттықтауларын жеткізді.
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы болып отырған ұстаздарымыз жиын барысында заманауи қазақ әйелінің саяси және мәдени рөлі, ұлттық құндылық пен отбасы құндылығы, қазіргі кездегі бала тәрбиесі, оның ішінді қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Мұнан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі турасында пікір алмасты.
Аналар жас келіндермен өмірлік кеңестерімен бөлісіп, ұлт тәрбиесінде ұстану қажет қағидаларын тілге тиек етті.
Жиын соңында Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Сауран аудандық кәсіподақ комитеті білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген белсенді ұстаздарымызды алғыс хатпен, гүл шоқтары және естелік сыйлықтарымен табыс етілді.
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.