«АНА АЛАҚАНЫНЫҢ АЯСЫ – АҚ ШАҢЫРАҚТЫҢ САЯСЫ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 07 наурыз күні 8 наурыз – «Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне орай «Ана алақанының аясы – ақ шаңырақтың саясы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов, аудандық қоғамдық келісімнің төрағасы М.Ердешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов қатысып, іс-шараға келген ұстаздар қауымына жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын, жүрек жарды тілектерін білдірді.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысына сәйкес білім беру саласында толағай табыстарға кенеліп, жоғарғы жетістіктерге жете білген кәсіподақ мүшелеріне арнайы марапаттар табысталды.
Республикалық «MARTEBE» білім және ғылым салалық кәсіптік одағының төрайымы Л.Алдабергенованың «Құрмет грамотасымен» – №5 «Мақтаарал» мектеп гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Утарова Жадыра Туймебаевна марапатталды.
Республикалық «MARTEBE» білім және ғылым салалық кәсіптік одағының төрайымы Л.Алдабергенованың «Алғыс хатымен» – Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мусабекова Айнур Абылаевна мен М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиманова Гүлжайсан Ретбаевна марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелігісімен №5 «Мақтаарал» мектеп гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ашекова Гулшат Жалгасовна, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маханбетова Баянсұлу Канаевна, Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманова Роза Тулегеновна, «Ақберен» бөбекжай-бала бақшасының меңгерушісі Мусырманкулова Бадикулжамал Акимкуловна марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Құрмет грамотасымен» «Асыл мұра» атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аманова Алтын Сабировна, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Шиманова Нағима, «Би Мардан» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Кубеева Роза Сатыбалдиевна, «Демеу» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Касымова Шолпан Азимхановна марапатталды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Алғыс хатымен» №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Туркменбаева Жанар Тулегеновна, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байменова Райхан, Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастемирова Сейдана, «Дарынды балапан» бөбекжай балабақшасының әдіскері Серикбаева Айымхан Лесбаевна, «Шолпан» бөбекжай балабақшасының шаруашылық меңгерушісі Мухтарова Райхан Жанабековна марапатталды.
Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара барысында білім беру саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ардегер ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, жиынға қатысқан ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.