«Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы

ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

2022 жылдың 4 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Аманат» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, ардагер ұстаздар және мектеп басшылары мен ұстаздары қатысты.

Іс-шара барысында білім саласында қызмет ететін әйелдер қауымы аудан әкімінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, аудандық кәсіподақ комитетінің, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында «Шамсинур» би ансамблі мен мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама соңында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының ер басшылары тарапынан «Ана туралы жыр» әні хормен орындалды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы