АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ, ЖАС ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Ауған соғысының аяқталуына 34 жыл толуына орай Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Газиза Шукурбаеваның бастамасымен 2023 жылы 13 ақпан күні Жетісай ауданының ауған соғысы ардагерлерінің қатысуында Жолдасбай Ералиев Ауылдық Округінде орналасқан Рахымжан Қошқарбаев атындағы мектебінде болып өтті.
Республикалық ауған соғысы ардагерлерінің Жетісай аудандық ұйымының төрағасы Бақтыбаев Жомарт және ауған соғысына қатысқан барша ардагерлер қатысып, ардагерлер алеясына гүл шоқтары қойылып, бөлім басшысының алғыс хаттары табыс етілді. Ардагерлерге арналған концерттік бағдарламада, патриоттық әндер шырқалып, соғыс жылдарындағы бейнероликтер көрсетілді.
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева және аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Мұқамеджан Спарханов грамоталар және ардагерлерге арнайы сыйлықтар табыс етті.
Ауған соғысының ардагерлері іс-шара ұйымдастырушылары Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне, Жолдасбай Ералиев ауылдық округінде орналасқан білім беру ұйымдарының басшыларына, аудандық кәсіподақ кеңесіне, алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскерлеріне және әскери жетекші ұстаздарға, ризашылықтарын білдіріп, өскелең ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізді.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі!