Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелері қарсаңында бар ғұмырын ағарту саласына арнаған білім беру саласының үздіктері, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымен кездесу жұмыстары жүргізілді.

Алдын ала түзілген жоспарға сәйкес 1933 жылы дүниеге келіп, Қ.Қайсенов жалпы орта мектебінде қызмет атқарған ардагер ұстазымыз, 90 жастағы Байзақов Тұрсынқұл атамыздың, 1937 жылы дүниеге келіп, Жас алаш жалпы орта мектебінде қызмет атқарған ардагер ұстазымыз, 86 жастағы Хан Алла әжеміздің, Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінде қызмет атқарып, ғұмырының 53 жылын осы білім беру саласына арнаған, 85 жастағы ардагер ұстазымыз Сидорова Лидия әжеміздің шаңырақтарына барып, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінің директоры Қ.Досқараев пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Султанова, Жас алаш жалпы орта мектебінің директоры Е.Ақназаров пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Нарзиев, Қ.Қайсенов жалпы орта мектебінің директоры А.Каныбекова мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Балкыбекова ардагер ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, аудандық кәсіподақ комитетінің дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Білім беру саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға мықты денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз.

Баршамызға осы ардагер ұстаздарымыздың жолын берсін, беделін берсін.

Мереке құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.