Арнайы іс – шара

Арнайы іс - шара

Түркістан облысы, Ордабасы ауданды,”Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектебіміздің Ұлағатты ұстазы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазыбай Сәлима Керімбайқызының зейнетке шығуына байланысты арнайы іс – шара өтілді.

Қазыбай Салима Керімбайқызы 1963 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданы,Берген ауылында дүниеге келген.Әкесі Қазыбай Керімбай 42 жыл бойы совхозда озат жүргізуші болды.АнасыБабасова Хадиша«Алтын алқа» иегері, елге сыйлы,беделді кісілер болған.10 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген.Қазіргі уақытта барлығы отбасылы,әр салада қызмет етіп жатыр.1985 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, сол жылдан бері Түркістан облысы,Ордабасы ауданындағы Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасап жатыр.2012 жылы 6 қыркүйекте “Күміс алқа”алқасымен наградталды.2012 жылы Астанада өткен мұғалімдердің съезіне қатысты.ОҚО «Үздік педагог-2018» медалі. 2019 жылы Ордабасы ауданында отбасылық ынтымақ пен бірліктің сақталуы мақсатында ұйымдастырылған «Шаңырағым-шаттығым!» атты іс-шарада аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.2020 жылы Ордабасы ауданына сіңірген еңбегі үшін “Ордабасыға 55 жыл” және 2021 жылы “Ерен еңбегі үшін” төсбелгілерімен марапатталды.2021 жылы облыстық Әдістемелік орталығының «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Құрметті ұстаз» және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» медальдарымен марапатталды.2022 жылы Түркістан қаласындағы өткен Республикалық аналар форумында «Қарқабат ана» төсбелгісімен марапатталды.2018 жылдан бері Бөген ауылдық Әйелдер кеңесінің төрайымы болып жұмыс атқарып келеді.

1987 жылғы туылған туылған түлектері 2004 жылы мектеп бітірді.Қазіргі таңда әр салада еңбек етіп жатыр. Биыл түлеп ұшқандарына 20 жыл болды өздерінің білім алған ордасына мектеп алды алаңшасына брусчатка төсеп,талапқа сай етіп жасап берді.Биыл зейнетке шығар жасында 11 А сыныбының шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәрбиелеп,өмір жолына ұшырғалы отыр.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.