Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек

2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында орын алған жарылыстардың салдарынан зардап шеккен аймақтарда орналасқан білім беру ұйымдарына (колледж, мектептер мен балабақшалар) білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы мақсатта 13 шілде күні Арыс қаласына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы М.Амантаева келіп, білім беру ұйымдарына Республика бойынша білім және ғылым саласының кәсіптік одақтары аударған жалпы көлемі 13 млн. теңгені құрайтын соманы таратып берілуіне мұрындық болды. Қайырымдылық іс-шара Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткізіліп, оған Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының төрағасы Б.Еркінбек, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының төрағасы Б.Бекжановтар қатысты. М.Амантаева сондай-ақ жарылыс салдарынан зардап шеккен бірқатар білім беру ұйымдарын аралап көрді.

Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек Арыстық ұстаздарға қайырымдылық көмек