Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі

 

2020 жылғы 12 маусым күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының атқару комитеті кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек жүргізіп отырды.

Аталған іс шарада Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстары, атап айтқанда Салалық кәсіподақтың XIV съезі шешімдеріне және облыстық кәсіподақ ұйымы Жарғысы талаптарына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары талқыланды.

Сондай-ақ, Мақтаарал және Төлеби аудандарында орын алған табиғи апаттарға байланысты аудандық кәсіподақ комитеттерінің атқарған жұмыстары жөнінде айтылды. Атқарылған жұмыстар жөнінде Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Сайлауұлы тиісті мағлұматтар берді.

Мәжілістің барысында заңгер Ғ.Ақбердиев облыстық кәсіподақ комитетінің вирус пандемиясына байланысты карантин кезінде атқарған жұмыстары, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешудің жолдары туралы айтып өтті.

Мәжілістің соңында жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы тиісті тапсырмалар берілді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі