Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытқа атқарушысының, Атқару комитетінің мүшелерінің және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліс барысында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Арап Қайрат Әбдірахымұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы сөз алып, барша кәсіподақ мүшелерін 2023-2024 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, лебіздерін білдірді және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы 2024 жылдың І жарты жылдығында аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан атқарылған жұмыстарға шолу жасап, кәсіподақ мүшелеріне баяндап берді.

Іс-шараның соңында 2023-2024 оқу жылының барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттау жұмыстары жүргізілді.

Атап айтар болсақ:

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының марапаттарымен С.Датұлы атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Игенбаева, №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Айткулова, М.Тоқжігітов атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Абдиевалар марапатталса.

Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен Абай атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі К.Оракбаева, Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Бейсенбаева, С.Торайғыров атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Жанкожаева, №32 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Суттибаева, №50 «Үлгілі» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов, С.Рахымов атындағы ЖББМ мектеп алды даярлық тобының мұғалімі С.Амирханова марапатталды.

Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен Береке ЖББМ директоры М.Даубаева мен Жаңа жол ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Жетенова марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен Абылайхан атындағы ЖББМ директоры А.Джулдибеков, В.Комаров атындағы ЖББМ директоры Ғ.Торыбаев, Болашақ ЖББМ директоры Н.Асабаев марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Намазбаева, Әл-Фараби атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов, Жамбыл атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Татеев марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен Ш.Бектасов атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Бусаханова, Қ.Үкібаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Опабеков, Х.Доспанова атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Елемесова марапатталды.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі