Атқару комитетінің көшпелі мәжілісі өтті.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген көшпелі мәжілісі 22 маусым күні Қазығұрт ауданында өтті.
Көшпелі мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.
Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібі жобасымен таныстырды, күн тәртібі бекітілді:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде білім мен тәрбиеге байланысты айтқан мәселелерді басшылыққа алу және орындау жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері туралы.
2.«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бойынша 2023 жылғы жаз маусымында кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын және жасөспірімдерді сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар туралы.
3. Түрлі мәселелер.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде білім мен тәрбиеге байланысты айтқан мәселелерді басшылыққа алу және орындау жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының міндеттері туралы» мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндама жасады, іс-шаралар жоспары жобасымен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарыағаш, Отырар және Арыс аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Е.Қасым және Ж.Мухаев екінші отырысында сөйлеген сөзіндегі еліміздің өркендеуі, бірлігі мен ынтымағын нығайту, білім мен тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелерін басшылыққа алу және іске асыру жөніндегі ой-пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.И.Ан 2023 жылғы жаз маусымында кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларын және жасөспірімдерді сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар туралы хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді.
Қаралған мәселелер бойынша атқару комитетінің іс-шаралар жоспары мен қаулылары қабылданды.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде кәсіподақ қызметі бағыттарының кейбір мәселелері туралы кәсіподақ активінің ой пікірлері мен ұсыныстары талқыланды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.