Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті!

Бүгін Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының атқару кеңесінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек жүргізіп отырды. Күн тәртібіне көшпес бұрын облыстық кәсіподақ комитетінің 2019-2022 жылдарда атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы екі бейнеролик көрсетілді. Мәжілістің күн тәртібінде:

  • Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының 2023 жылға негізгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (баяндамашы А.Әбуов);
  • Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының кәсіподақ активімен өткізілетін семинарлар мен оқыту жоспарын бекіту туралы (баяндамашы А.Әбуов);
  • Облыстық кәсіподақ комитетінің 2023 жылғы 1 қаңтарға статистикалық есебі (баяндамашы Л.Ан);
  • Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағына мүше ұйымдарда кәсіподақ мүшелері құқықтарын қорғауды жақсарту үшін зерделеу жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы (баяндамашы Ғ.Ақбердиев);
  • Түрлі мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып болған соң, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы (АКК) Ә.Тастанбеков, Ордабасы АКК төрағасы Қ.Төлебаев, Түлкібас АКК төрағасы Д.Әбішев, Шардара АКК төрағасы Ұ.Жұман өз ойларын ортаға салды. Мәжіліс соңында Түркістан облысында өңіріміздің қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене атсалысып жүрген Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы А.Жолдасовқа «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың атынан берілген партияның ең жоғарғы төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, Ордабасы АКК төрағасы Қ.Төлебаев, Қазығұрт АКК төрағасы С.Мұсақұлов, Шардара АКК төрағасы Ұ.Жұман кәсіподақтың ең жоғарғы төсбелгілерімен марапатталды.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті! Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті! Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті! Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті! Атқару комитетінің мәжілісі болып өтті!