Атқару комитетінің мәжілісі өтті

2025 жылғы 28 ақпан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды :
-Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2025 жылғы 1 қаңтарға кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ органдары жайлы статистикалық есебі туралы;
– Түркістан облыстық комитеті мен «Өрлеу» Салалық кәсіптік одағы ҚБ қызметтерін ұйымдастыруға бөлінетін кәсіподақ жарнасының аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері тарапынан аудару жұмысының 2024 жылғы қорытындылары және жақсарту жөніндегі шаралар жайлы;
– Түркістан облысы білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері арасындағы «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы;
– «Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағалары лауазымына резервке алынған кадрлар туралы;
– түрлі мәселелер.
Аталған мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің мамандары Б.Қилыбай, Д.Мухтаров, облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева хабарлама жасады, сұрақтарға жауап қайтарды, түсіндірме жүргізді. Қаралған мәселелер бойынша талқылауда Жетісай, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Шардара, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов, Д.Абишев, Ғ.Мырзалы, Қ.Анашев, Ұ.Жұман, Қ.Төлебаев қатысып пікірлер мен ұсыныстарын айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылауға қатысып, қорытындылап отырды.
Қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ жұмысының кейбір мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, пікір алмасу жүргізілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.