Атқару ком

Атқару ком

12 қыркүйек күні Түркістан қаласында «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кезекті кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

 

Атқару комитетінің отырысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне сәйкес Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы «Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2 қыркүйек 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау және іске асыруға байланысты кәсіподақ ұйымдары атқаратын жұмыстар туралы» кең көлемді хабарлама жасады. Хабарламада Жолдаудың әр пунктіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, оларға байланысты насихат жүргізу жөніндегі жұмыстар айтылды. Жолдаудағы ел Президентінің кадрларды даярлау, оқу мен тәрбие жұмысын жақсарта түсу жөніндегі айтқан мәселелеріне баса назар аударылып, экология және «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты жүргізуге байланысты міндеттерге тоқталды.  Жолдауды талқылау бойынша Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Тулебаев сөйлеп, өз ойларын, ұсыныстарын айтты. Облыстық кәіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Президенттің Жолдауы бойынша насихаттау жұмысына көңіл бөлуді айтып, қорытындылады.

Отырыста Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. № 2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылатын  жұмыстар жайлы Отырар және Ордабасы  аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Е.Қасым және Қ.Тулебаевтың   хабарламалары тыңдалды. Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұхаев, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзеева, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Абуов облыстық байқауды өткізу мерзімін ұзарту, көңіл бөлетін басты мәселелер бойынша ұсыныстар жасады.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ  03.09.2024 ж. № 75 хатына сәйкес, кәсіподақ мүшелерін білім беру тағылымдамасынан (стажировка) өткізу мәселесі бойынша сауалнама жүргізу туралы мәселе бойынша оның мақсаты жайлы түсіндірме беріліп, сауалнама жүргізуді сапалы ұйымдастыру жұмыстары келісілді.

Сол сияқты, отырыста «Денсаулық» жылына байланысты атқарылатын шаралардың (волейбол, кіші футбол, шахмат ойындары бойынша) мерзімдері, облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» енгізілетін облыс кәсіподақ активінің кандидатуралары талқыланып, бекітілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.