Аудандық байқау
Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті мәлімдейді. 2020 жылдың 25 желтоқсанында Төлеби аудандық білім беру бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен ауданымыздағы білім саласының ең үздік қызметкерлері марапатталды.
Ұжымда ауызбіршілігі қалыптасып, ұйымшылдықпен қашықтан білім беруді дұрыс жолға қоя білген, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері еселене түскен «Ең үздік ұжым-2020» номинациясын Төлеби жалпы орта мектебі марапатталды. Оқу- тәрбие жұмысын алға жетелеген, жұмысының нәтижелері тек жоғары деңгейде көрінген, еңбегіне адал, ұжымда сыйлы, №1мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алменова Мадина «Ең үздік орынбасары-2020» номинациясымен, өзіндік жаңашыл идеясы бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби біліктілігі жоғары, шәкіртінің жанына нұр құйып оқушылары республикалық байқаудың жеңімпаздары атанған Ақбастау жалпы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Рыскелдиев Айтуар «Ең үздік мұғалім-2020» номинациясымен, сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырып, сол сыныптың пән мұғалімдерімен ата-аналарын бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, сыныптағы оқушыларды ұйымшылдыққа баулып, адамгершілік және эстетикалық, патриоттық тәрбие бере білген №7 ІТ гимназияның орыс тілі пән мұғалімі Түймебекова Әлия «Ең үздік сынып жетекші-2020» номинациясымен, оқушылар арасынан озық ойлы, зерек, дарынды, білім бәйгесінің жүйрігі деп Бірінші мамыр жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Өмірәлі Қамар «Ең үздік оқушы-2020» номинациясына иеленіп марапатталды.