Аудандық кеңейтілген мәжілісі
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің кезекті кеңейтілген атқару комитетінің мәжілісі өтті. Мәжіліске негізгі орта және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.
Мәжілістің күн тәртібінде:
1) Аудандық кәсіподақ комитетінің алты айлық бюджетінің орындалуы барысы туралы; 2) Аудандық “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы -2022” байқауын өткізу туралы;
3) 2022-2023 оқу жылындағы жаңа бағдарламаға сәйкес апталық сағат жүктемелерін бөлу туралы:
4) Аудандағы кәсіподақ қозғалысы жөнінде ақпарат қаралды. Мәжілістің соңында түрлі сұрақ -жауаптар болды заң аясында сұрақтарға жауап берілді.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.