Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті.
2023 жылғы 28 қараша күні Шәуілдір ауылында Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 60 делегаттың 55 қатысты.
Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Отырар аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Арын және шақырылғандар қатысты.
Конференция жұмысын Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрайымы Ш.Төлегенованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: Т.Сәрсенбаев – Ш.Қалдыаяқов атындағы мектеп-гимназия директоры, О.Аметова – «Темір» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Е.Серікбаев – С.Әшіров атындағы ЖББМ директоры, Н.Төлеген – Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.
Конференцияда Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Егемберді Жанызақұлы Қасым қайта сайланды.
Аудандық кәсіподақ жиынында күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.
Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.
Жиын сонында аудандағы озат кәсіподақ мүшелеріне облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгілері және Құрмет грамоталары табысталды.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.