Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті

2023 жылғы 02 желтоқсан күні Сарыағаш қаласы, Қ.Сәтбаев атындағы №10 мектеп-интернатының акт залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау ХІХ конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 82 делегаттың 80-і қатысты.

Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Жолдасов, М.Спарханов, Н.Артықов және басқа да шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы Е.Битемировтың есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: А.Қозыбаев – Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, М.Биделов – №61 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, П.Қалыбаева – Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Ә.Дуйсебаев – Төлеби атындағы №7 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Конференцияда Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Тастанбеков Әкімбай Зейтбайұлы қайта сайланды.

Аудандық кәсіподақ конференциясы күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайлады.

Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік кәсіподақ жетекшілері мен кәсіподақ активіне Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаты, «АМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хаты, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілері, облыстық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары» табысталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті