Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті.
2023 жылғы 12 желтоқсан күні Келес ауданы, Абай ауылы №5 жалпы білім беретін мектебінің акт залында Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау VIII конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 51 делегаттың 49-і қатысты.
Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Д.Сариев, аудандық “АМАНАТ” партиясының төрағасы А.Жұмабеков, аудандық білім бөлімінің басшысы м.у.а. Н.Сманов, аудандық мәслихат депутаты Қ.Мүсір және басқа да шақырылғандар қатысты.
Конференция жұмысын Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артықов ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артықов Келес аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы О.Абдулиинның есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: А.Жұмабеков – Келес аудандық “АМАНАТ” партиясының төрағасы, Қ.Мүсір – аудандық мәслихат депутаты, Т.Маматқұлов – Т.Бегманов атындағы №8 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, мандат комиссиясының төрағасы, З.Темирова – №43 “Болашақ” ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, А.Турбекова – Ө.Жәнібеков атындағы №2 МГ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, М.Абдрахимов – С.Сейфуллин атындағы №25 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.
Конференцияда Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Артықов Нурлан Тастемірұлы қайта сайланды.
Аудандық кәсіподақ конференциясы күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайлады.
Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік кәсіподақ жетекшілеріне республикалық “ӨРЛЕУ” білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.