Аудандық кәсіподақ комитетінің 5 жылдық есебі.
2023 жылғы 12 желтоқсан күні Шардара ауданы, Шардара қаласы Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің акт залында Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау ХVII конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 46 делегаттың 43-і қатысты.
Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Шардара аудандық білім бөлімі басшының орынбасары Д.Нұсқабаева және басқа да шақырылғандар қатысты.
Конференция жұмысын Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы Б.Утегенованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: Д.Дуйсенов – «Ұзын ата» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, М.Қабай – «Ақ алтын» ЖББМ директоры, Ж.Құдабаев – С.Ерубаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Д.Махашов – мандат комиссиясының төрағасы.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.
Конференцияда Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Жұман Ұлықбек Назарұлы қайта сайланды.
Аудандық кәсіподақ конференциясы күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайлады. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері облыстық кәсіподақ комитеттерінің Алғыс хаты, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі
.