Аудандық кәсіподақ конференциясы өтті.
13 желтоқсан 2023 жылы Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XXVII есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 59 делегаттың 49-ы келді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 делегат қатыса алмады.
Конференцияға Түлкібас аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Қилыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев және шақырылғандар қатысты.
Конференция жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі А.Полатбеков жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев «Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы жұмысы туралы» есепті баяндама жасады, тексеру комиссиясының төрағасы Г.Қалжанованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепте кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер:
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Сырманов, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұ.Шакирбаева, Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Қошқарбаев, С.Сейфуллин атындағы мектеп директоры Н.Сағындықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Қилыбаев.
Конференцияда Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Абишев Даулен Мырзалыұлы сайланды.
Аудандық кәсіподақ конференциясында күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.
Конференция күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.