Аудандық семинар-кеңес
14 қараша 2024 жыл күні №1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының думан залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті аудандық Семинар-Кеңесін өткізді.
Семинар-Кеңестің күн тәртібінде:
- ҚР “Еңбек кодексінің” еңбек қатынастары бойынша мәселелерді талқылау, және Келісу комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру туралы;
- 2024 жылдың қорытындысы бойынша Статистикалық есепті толтыру туралы;
- 2025 жылға кәсіподақ мүшелерінің Сауықтыру орындарына сұраныстар беруі туралы;
- Білім саласындағы әртүрлі мәселелер бойынша тақырыптар талқыланып қаралды.
Семинар-Кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің маманы А.Аликулов кең көлемде түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Сұрақ-жауаптар болды.
Екінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков 2024 жылғы кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыру жұмыстары жөнінде жан-жақты мәселелерді қорытындылады, және Статистикалық есепті толтыру бойынша толық түсініктемелер айтылды.
Күн тәртбібіндегі үшінші мәселе бойынша 2025 жылға сауықтыру орындарына сұраныстар беру жоспарлары және 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Республикалық, Облыстық марапаттарға ұсынылған мұғалімдер жөнінде мәселелер талқыланып қаралды. Семинар-Кеңесте БКҰ дайындалған құнды материалдар электронды нұсқада тарқатылды. Соңынан әртүрлі мәселелер бойынша сұрақ-жауаптар алынып, алдағы жұмыстарға жоспарлы мақсаттар қойылды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.