Аудандық семинар-кеңес

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 2023 жылдың 15 желтоқсан күні бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында аудандық семинар-кеңес өткізді.

Аудандық семинар-кеңесті Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова ашып бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырды:

1. 8 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі материалдарымен танысу.

2. Жылды қорытындылау.

Бірінші мәселе бойынша «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі 2023 жылдың 8 желтоқсан күні Астана қаласында болып өтті. Съезд жұмысына еліміздің әр түрлі өңірлерінен келген съезд делегаттары мен қонақтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл, Қазақстан Еңбек конфедерациясы бас хатшысының орынбасары Б.Тәжібай және «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Дощанова қатысты. Кәсіподақтың алдағы жұмыс жоспары мен мақсаты білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және олардың мәртебелері көтеру жолында атқарылатын тың бастамалар айтылып, съезд делегаттарының ұсыныстары тыңдалғанын хабарлады.

Екінші мәселе бойынша бір жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, еңбек құқықтарын қорғау барысында кездесіп жатқан түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу жолында атқарылған іс-шараларды жеке-жеке айтып өтті.

Семинар-кеңесте өзара пікір алмасу, тәжірибелерімен бөлісу жүргізілді, ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинар соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова Облыстың «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерін, «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар-кеңес Аудандық семинар-кеңес Аудандық семинар-кеңес Аудандық семинар-кеңес Аудандық семинар-кеңес