АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты Ә. Жангелдин атындағы №27 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 27 қараша күні ” Цифрлы технологияны пайдаланып оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейту” тақырыбында аудандық кәсіподақ комитетінің демеушілігімен аудандық семинар болып өтті.
Семинардың басында мектеп директоры Тәліп Даулетұлы сөз сөйлеп, құттықтау сөздерін жеткізіп, Жаңа Қазақстандағы білім беру бағытын жаңаша түрлендіріп, жасанды интеллектіні оқыту мен бағалауда қолдану аясын кеңейту қажет екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінен химия пәні әдіскері Оспанова Зәуре мен көркем еңбек пәні әдіскері Тілеуқабылов Шыңғыс семинардың өту барысын жоғары бағалады.
Семинарда домбыра үйірмесінің оқушылары аудандық білім бөліміне қарасты 74 мектептен келген ұлағатты ұстаздарға ұлттық құндылығымызды дәріптеп , домбыра тартып ұлттық күймен келген қонақтарды қарсы алып, киіз үй тігіліп, онда халқымызды дәстүрлі тағамдары ұсынылып, мектептің білімді де зерек оқушылары халқымыздың дана ақыны Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берген болса , физика, химия пәнінен холлда замануи тәжірибе жұмыстары келген ұстаздарға көрсетілді. Аудандық семинар өте жоғары деңгейде болып өтті.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.