Аудандық семинар
Бүгін 2023 жылғы қараша айының 23 күні «Жастар ресурстық орталығында» «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары, Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгер Ғ.Ақбердиев негізгі тақырып бойынша баяндама жасады. Семинарға арнайы шақырылған аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ.Шербаев және медиатор Қ.Оңалбеков келісу комиссиясының маңыздылығы жөнінде өздерінің ойларын ортаға салып, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев келісу комиссиясының әрбір еңбек ұжымында құрылуы және комиссия мүшелерінің жылда оқудан өтуі міндетті екенін тағыда еске салып, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп жұмыстарына табыс тіледі.
Семинар соңында, семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.