Аудандық семинар
Білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өткізілді. Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 05 қаңтар күні С.Рахымов атындағы ЖББМ-нің мәжіліс залында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан деңгейінде ұйымдастырылған оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тұлапұлы, “Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы” РҚБ-нің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдік директоры, “Халықаралық медиация орталығы” РҚБ-нің Мақтаарал ауданы бойынша өкілдік директоры, Кәсіби медиатор, Би Умирзаков Бауыржан Сапарбайұлы, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы және білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелері қатысты.
Оқыту семинары барысында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу сияқты сұрақтарға нақты жауап беріп, білім беру мекемелерінде Келісу комиссиясының маңыздылығына толыққанды тоқталып кетті.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тұлапұлы да семинарға келген білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне Келісу комиссиясының маңыздылығына тоқталып, бірлесе жұмыс атқаруды, білім беру мекемелерінде орын алған түрлі деңгейдегі жағдаяттарды бірлесе отырып шешу жолдарын айтып өтті.
“Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы” РҚБ-нің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдік директоры, “Халықаралық медиация орталығы” РҚБ-нің Мақтаарал ауданы бойынша өкілдік директоры, Кәсіби медиатор, Би Умирзаков Бауыржан Сапарбайұлы да өз кезегінде сөз алып, семинарға келген келісу комиссиясының мүшелеріне ауданымыздағы медиация орталығының жұмысы туралы ақпарат таратып, алдағы уақытта Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен және аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе жұмыстар жүргізу туралы айтты.
Оқыту семинардың қорытынды бөлімінде білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинарына қатысқандығын растайтын, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркібек Бақыт Сейітжаппарұлының атынан берілген СЕРТИФИКАТТАР табысталды.
Аудан деңгейінде өткен оқыту семинарына қатысқан барша білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Кәсіподақтың күші – бірлікте!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.