Аудандық семинар

Аудандық семинар

М.Мақатаев жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен семинар өтті.

Семинардың тақырыбы «Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі», «Кәсіподақтың жұмысын ұйымдастыру».

Аудандық кәсіподақ комитетінің маман заңгері Х.М.Эрметов еңбек қауіпсіздігіне ішкі және қоғамдық бақылауды жүзеге асыру туралы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік–экономикалық, санитариялық–эпидемиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарымен қамту, мектептегі ішкі бақылауды іске асыратын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеттері мен құқықтары туралы мәлімет берді. Білім беру ұйымындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша облыстық қоғамдық байқау өткізу туралы айтып, Ережесімен таныстырып өтті.

Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Р.К.Искакова кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыру, сайланбалы кәсіподақ органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша мәлімдеді.

Төрағалар ойларын ортаға салып, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып отырды. Сөзге шыққандар Х.Расулметов, С.Шаназарова, Б.Адилбаев, Э.Бердикулова, Д.Жаркеновалар кәсіподақ ұйымының қызметі туралы сұрақтар қойып және оны жақсарту туралы ұсыныс жасады.

Кәсіподақ комитеті төрағалары тарапынан көптеген сұрақтар түсіп, барлық сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Қатысушыларға әдістемелік көмекші құралдар таратылды.

Жиналыс соңында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар Э.Бердикулова, Х.Расулметов, Д.Юлдашбеков, У.Абдушбаев, А.Махмутов, А.Талхатовтар «Өрлеу» республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының, облыстық білім басқармасының, облыстық «Аманат» партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.