Аудандық семинар

Келес аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 04 желтоқсан күні №5 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Келес аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Нурлан Тастемірұлы, Халықаралық медиация орталығы және Тәжірибелі Заңгерлер орталығы РҚБ-нің Шымкент қаласы бойынша директоры Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы, Келес аудандық білім бөлімінің әдіскері Полатов Кайыржан Медетұлы, Келес ауданының маслихат депутаты Мүсір Құрманғазы Мұстафаұлы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Халықаралық медиация орталығы және Тәжірибелі Заңгерлер орталығы РҚБ-нің Шымкент қаласы бойынша директоры Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы да келісім комиссиясы мүшелеріне өз баяндамасын оқыды. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттар мен Абзал Құспанның «Алаш Заңгерлері» атты кітабы табысталды.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.