Аудандық семинар

Аудандық семинар

Түркістан облысының білім және ғылым қызметкелерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен, Қазығұрт аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 06 желтоқсан күні аудандық Өнер мектебінің мәжіліс залында Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Анашев Қайрат Убайдуллаұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Егізек Алия Алекбарқызы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Білім бөлімнің бас маманы Егізек Алия Алекбарқызы оқыту семинарының маңыздылығы мен практикалық тиімділігін атап өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жұмыстарын жандандыруын тілге тиек етті. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.