Аудандық «Табысты менеджер – 2022» байқауы.

Аудандық «Табысты менеджер – 2022» байқауы.

2022 жылдың 17 ақпанда  Д.Қонаев атындағы № 9 ІТ лицей базасында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен кәсіподақ комитеті бірлесе ауданымыздың білім мекемелерінің басшыларының арасында аудандық «Табысты менеджер – 2022» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және аудандағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болды.

Байқау келесі үрдістер бойынша өтті:

«Мен табысты басшымын» – интербелсенді таныстырылым;

Жоба «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі»;

Шығармашылық жұмыстар – стратегиялық және тактикалық жоспарлау негізіндегі басқару жұмыс жүйесі, авторлық тұжырымдама, авторлық бағдарламалар, әдістемелері;

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі және кәсіподақ комитетінің дипломдарымен марапатталып, сый сияпат көрсетілді.

Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

Аудандық «Табысты менеджер - 2022» байқауы. Аудандық «Табысты менеджер - 2022» байқауы. Аудандық «Табысты менеджер - 2022» байқауы. Аудандық «Табысты менеджер - 2022» байқауы.