Аудандық іс шаралар

Ордабасы аудандық орталық аурухана мен кәсіподақ комитеті бірлескен кестесіне сәйкес “Денсаулық жылын” өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Аудандық Абай, Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беру мекемесінің оқушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен және “Мың бала” балабақшасы қызметкерлерінің қатысуымен Аудандық орталық аурухананасына қарасты Бөржар МСАК аға дәрігері С. Ж. Сейдалиева, психолог М.Қошанова , Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Иманалиева С.Қ, әлеуметтік қызметкер Г.Айтуғанова барып семинар-тренинг сабақтарын өткізді. “Диагностикалық тексерулерден өту тәртібі”, “Дұрыс тамақтану”, “Зиянды әдеттерден аулақ болу”, және ” Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” бойынша медициналық кеңестер өткізді. Қызметкерлердің көкейінде жүрген т.б сұрақтарға жауап берілді. Семинар – тренингтер өткізілді.

Ордабасы аудандық орталық аурухана мен кәсіподақ комитеті бірлескен кестесіне сәйкес “Денсаулық жылын” өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Бөржар ауылына қарасты “Қалаш” бастауыш мектебі, Қайнар ауылына қарасты “Наз-Айым”, “Раушан” балабақшаларының қызметкерлеріне Аудандық орталық аурухананасына қарасты Бөржар МСАК аға дәрігері С. Ж. Сейдалиева, психолог М.Қошанова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Иманалиева С.Қ, әлеуметтік қызметкер Г. Айтуғанова, ДА аға дәрігері А.Жураева, мейірбике А.Әбдікерім барып семинар-тренинг сабақтарын өткізді. “Диагностикалық тексерулерден өту тәртібі”, “Дұрыс тамақтану”, “Зиянды әдеттерден аулақ болу” және ” Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” бойынша медициналық кеңестер өткізді. Қызметкерлердің көкейінде жүрген т.б сұрақтарға жауап берілді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.