Аудандық іс шарасы
2023 ж 22 қыркүйек күні Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов пен заңгер Ғ.Ақбердиевтің жетекшілігімен бастауыш ұйым кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарының мақсаты: кәсіподақ жұмысын жетілдіру, кәсіподақ комитеті мен оның сайланбалы кәсіподақ органдарының қызметімен таныстыру, кәсіби біліктіліктерін арттыра отырып, нағыз маман етіп даярлау.
Семинарды алғы сөзімен бастаған облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов «Кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін уақытында шешу және кәсіподақтың ұйымдастыру қызметін жетілдіру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Ал, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев «Әлеуметтік кодекс және оның ерекшеліктері туралы, жалпы кәсіподақтың құрылымы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Ережесіне сәйкес, кәсіподақ органдарының қызметі мен тұрақты комиссиялар туралы, Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу және оны жасасу тәртібі туралы түсіндіріп, еңбек саласында кездесетін кейбір еңбек қатынастарынан мысалдар келтіре отырып, тақырыпты аша түсті.
Семинарға қатысушылар өзара жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек қатынастарында туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.
Аудандық кәсіподақ комитеті ұжымы мен облыстық кәсіподақ аппаратының қызметкерлеріне оқыту – семинарын өткізіп, кәсіподақ активінің қызметкерлердің әлеуметтік – еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының алдына қойылған міндеттерді шешуде өздеріне қажетті ақпараттар бергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.
Семинар соңында Түркістан облысы Еңбек инспекциясы еңбек ардагерлерін қыркүйек айының әр соңғы жексенбісінде атап өтілетін және қазақстандықтардың еңбекке деген құрметінің, олардың әрқайсысының өз ісінде кәсіби маман болуға деген ұмтылысының белгісі саналатын, жыл сайынғы мереке-халқымыздың экономикалық және әлеуметтік салададағы жетістіктеріне арналған «Еңбек күнімен» Темирова Зупар Жораевна №43 «Болашақ» жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Дипломмен марапатталды.
Сөз соңында Өз салаларын алға жетелеп, кәсібиліктің бағзыдан келе жатқан берік ұстанымдарын бұлжытпай сақтай отырып, барлық салаға шығармашылық және оңтайландыру алып келіп, осылайша жұмыста жаңа жағдай мен тың тәсіл қалыптастырып, жүрген ерең еңбегіңізге Үлкен Рахмет! Алдағы уақытта да жас буын, жас мамандарымызға үлгі болып, жүре беріңіз. Кәсіподақ комитеті өзіңізді мақтан тұтады! Деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс, өміріңіз ғұмырлы болсын! Деп ізгі ниетін Келес аудандық кәсіподақ комитет төрағасы Н.Артыков білдірді.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.