Аудандық іс шарасы
28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Түркістан облысы Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2023 ж. 29 сәуір күні ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған білікті басшы, кәсіподаққа еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз Айткулов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол » спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-Тәуелсіздікті дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру мекемесінің қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен белсенді насихаттауға тарту, жарысқа қатысатын қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту болып табылады.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков алғы сөз сөйлеп, өз сөзінде: «Құрметті бүгінгі іс шараға жиналған қауым! Қош келдіңіздер! Бүгінгі үлкен іс шара ортамыздан өткен білім беру саласының үздігі, өмірінің соңғы күндеріне дейін мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған бауырымыз Пердебай Әкімбайұлына арнап еске алу мақсатында аудандық жарыс ұйымдастырылып отыр. Жаткан жері Жаны жәннәттан болсын.
Аға буынның, жастардың зор құрметіне ие болған, қай ортада өзіндік орны бар, мәртебелі төрі болатын. Әрине дүниеден ерте озғаны өкінішті, оның көзін көрген сыйлас, сырлас азаматтар бар кезде оның аты өшпейді деп сенеміз.
Артынан қалған жеңгеміз, ұл-қыздары ғұмырлы болсын.
Ал бүгінгі жарысқа қатысып отырған барша командаларға, кәсіподақ мүшелеріне сәттілік.
Бастамамызға қолдау білдірген, барша азаматтарға, қатысушы командаларға ризашылығымды білдіремін.» деп барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.
Түскі уақытта құран бағышталып, жарысқа қатысушы ойыншыларға түскі ас берілді.
Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Волейбол» ойынынан Ерлер командасынан:
І орын – «Алпамыс батыр» а/ә ;
ІІ орын – «Ошақты» а/ә;
ІІІ орындарды – «Ұшқын» а/ә
Әйелдер командасынан:
І орын – «Қошқар ата» а/ә ;
ІІ орын – «Ұшқын » а/ә командасы
ІІІ орынды – «Абай» ауыл әкімшіліктері иеленді.
Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.
Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған, ауыл әкімшілік командасы ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен жарыс қатысушылары Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Олар :
«Үздік қорғаушы»
- Айтжанов Жандос «Бірлесу» а/ә командасынан
- Нысанбаева Жұлдыз «Ұшқын» а/ә командасынан
«Үздік үйлестіруші»
- Караманов Нургиса «Жамбыл» а/ә командасынан
- Нысанбаева Гулназ «Біртілек» а/ә командасынан
«Үздік шабуылшы»
Урумбаев Әмір «Ақтөбе» а/ә командасынан
Әбубәкір Ақбөпе «Қошқар ата» а/ә командасынан иеленді.
Белсенділігі үшін де марапатталған ойыншылар:
Әбдурахман Самат №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп гимназиясынан үздік жаттықтырушы;
Жұмабаев Бағдат №12 «Р.Әлібекұлы» атындағы жобб кмм үздік төреші
Орманов Нурсеит №8 «Т.Бегманов » жоббм кмм
Тұрсын Қаныбек №49 «Қоңыртөбе» жоббм кмм
Сенбиев Нурлан №18 «С.Қожанов» жоббм кмм
Нысан Жанболат №18 «С.Қожанов» жоббм кмм
Жусипова Мадина №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп гимназиясы
Тәліп Гулзира №10 Игілік жоббм кмм
Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол-Еңбектену, жалықпау
Біреу озса жарыста, Біреу артта қалады Жүзден жүйрік шыққанда,
Мыңнан тұлпар озады, дей отыра аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Қызықты, тартысты ойын болды.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.