Аудандық іс шара

Отырар аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі болған ҚР Білім және ғылым министрнің «Білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының 74 жасына арналған «Тұлпар мініп, ту алған» тақырыбында, мектеп мұғалімдері арасында «Шығармашылық ұстаз» байқауы және мектеп оқушылары арасында жазба ақындардың мүшәйрасы өткізілді. Байқауға білім беретін жалпы 24 орта мектеп пен 6 білім беретін жалпы негізгі орта мектеп мұғалімдері қатысты. «Тұлпар мініп, ту алған» тақырыбында өтілген байқауда бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі А.Қабылова, 1-орынды Т.Ибрагимов, Егембердиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері Ш.Омар мен Н.Налтаева иеленді, 2-орынды «Көкмардан», А.Дәрібаев, С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері М.Мейірбеков, Ү.Жанаев, К.Қыдырбаева иеленді, 3-орынды Ғ.Мұратбаев, Ы.Алтынсарин, Мұңайтпасов, Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері А.Тасболатова, Н.Бурибаева, Р.Дербісбаева, Н.Оспановалар иеленді. Байқауда орын алған ұстаздарды аудандық кәсіподақ комитеті бағалы сыйлақтарымен марапаттады.

«Тұлпар мініп, ту алған» тақырыбында өтілген мектеп оқушылары арасында жазба ақындардың мүшәйрасына 20 білім беретін жалпы орта, негізгі мектептер қатысты. Бас жүлдені М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы С.Кайрулла иеленді, 1-орынды С.Әлиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ж.Базарбек иеленді, 2- орынды «Шеңгелді» жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Рысқұл және Ө.Жәнібеков атындағы мектеп интернатының оқушысы Б. Мұсаханұлы иленді, 3-орынды «Сарыкөл», Т.Ибрагимов, С.Әшіров, атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары О,Қалымбет, Т.Қалдыбай, А.Батырхан иеленді. Байқауға қатысып орын алған оқушыларды жүлделі сыйлықтармен және барлық мүшәйраға қатысқан ақындарды ынталандыру жүлдесімен аудандық кәсіподақ комитеті марапаттады.

Байқауға әдістемелік кабинеттің әдіскерлері Жақыпбекова Злиха мен Қонтаев Жадыр және Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының туыстары мен бала-шағалары қатысты. Жиынға қатысушылар Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының өнегелі өмірі мен қызметін еске алды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.