Аудандық іс шара
28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған он күндік бастау алды.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №1182 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру және «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің жариялаған «Денсаулық жылын» белсенді өткізу мақсатында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту мақсатында «Еңбекті қорғау – адамды қорғау» тақырыбымен 10 күндік іс-шаралар бастау алды.
Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес бастауыш кәсіподақ төрағасы У.Абдиева мен Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор А.Дукенбаев және әкімшілік қызметкерлері ұжыммен жиналыс өткізіп, алдағы уақытта атқарылар жоспарды таныстырып өтті.
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 28 – сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай іс-шаралар бастау алды. Жоспарға сәйкес мектеп директоры Г.Орақбаева, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Тулендиева мен Еңбек инспекторы Қ.Утегенов өз баяндамаларын ұжымға таныстырып, он күндікті жоғары деңгейде өткізуге шақырды.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі