Аудандық іс шара

Аудандық іс шара

2024 жылдың 30 мамыр күні №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің думан залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімінің біріккен мәжілісі болып өтті. Мәжіліске мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.

Мәжілістің күн тәртібінде

– Аудандық білім бөлімі тарапынан 2023-2024 оқу жылының қорытындысы жөнінде қысқаша ақпарат беру;

– Жаңадан бекітілген мұғалімдерді аттестациялау туралы ережесі туралы,

– Мектеп директорларының ротациясы жөнінде хабарлама жасау;

– Аудандық кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімдеме жасау,

– 2024 жылдың қаңтар айынан бері 50, 60 жасқа толған мектеп директорлары мен комитет төрағаларын, оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан әріптестерді марапаттау жоспарланып, қаралды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Камалдин, кадр жөніндегі бас маманы А.Тұрсынбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков мырзалар білім саласындағы өзгерістері мен қорытынды жаңалықтарымен таныстырып, аудандағы жемісті жетістіктерін айтып, күн тәртібіндегі мәселелерге терең тоқталып талқылады, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде де қысқаша ақпарат берді, және көпшіліктің сұрақтарына жауаптар берілді.

Соңынан бірнеше 50-60 жасқа толған мектеп басшылары мен бастауыш кәсіподақ комитеттері төрағаларының мерейтойларымен, оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан көптеген әріптестерді Республикалық “Өрлеу” салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін, “Құрмет грамотасы мен “Алғыс хаттарын”, Облыстық білім басқармасының “Алғыс хатымен” Құрмет грамотасын, Облыстық “Аманат” партиясының “Алғыс хатымен”, аудан әкімінің және Облыстық аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хаттарымен” марапатталып, бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Мәжіліске жиылған қауым ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

 

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.