Аудандық іс шара
«Ұстаз білікті болса, шәкірттің болашағы жарқын» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2024 жылдың 28 мамыр күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде тәрбие саласын, мәдени-спорттық іс-шараларды, өнер саласын қорытындылау мақсатында аудандық іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараға Мақтаарал аудандық маслихатының төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, БАҚ өкілдері, мектеп директорлары және ұлағатты ұстаздар қатысты.
2023-2024 оқу жылы барысында толағай табыстар мен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген мектеп директорлары мен ұлағатты ұстаздарға аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары табыстала, аудандық кәсіподақ комитетінің атынан да арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Барша марапат иелері аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі