Аудандық іс-шара

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Интернационалист жауынгерлердің есімі ұмыт қалмайды. Ауғанстандағы соғыс-дәуір шежіресінің ең қасіретті беттерінің бірі. Ол соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында мәнгі қалады. Бұл күні ел 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсетеді. Бұл қаза тапқан тапқандарды еске алу ғана емес, сонымен қатар өзінің әскери және халықаралық борышын адал әрі батыл атқарған тұлғалардың барлығына шынайы ризашылық пен алғыс білдіру.
Құрметті, Ауған соғысының ардагерлері! Сіздерді бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймыз! Өшпес ерліктеріңізге бас иеміз, сіздерге деген алғысымыз бен құрметіміз шексіз. Аспандарыңыз ашық болсын, өмірлеріңіз ұзақ, денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.