Аудандық іс-шара
Созақ ауданының 95 жылдығына орай Қарттар күні қарсаңында ауданның ардагер ұстаздары мен техникалық қызметкерлеріне Т. Рысқұлов ауылында орналасқан” Түлкібас саясы” сауықтыру кешеніне Созақ аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің атынан отыз адамға тегін жолдама берілді.Таулы аймаққа орналасқан демалыс орны жайлы, жаһандық жаңа технологиямен жабдықталған, теннистік және жаттығу залы бар жаңа ғимаратқа орналасқандықтан демалушылардың көңілінен шықты. Ауданда білім беру саласында қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен ұстаздар қауымына жасаған қомақты қамқорлықтары үшін Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасымов, кәсіподақ комитетінің есепшісі,аудандық мәслихаттың депутаты Р.Отыншиеваларға айтар алғысымыз шексіз.
Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.