Аудандық іс-шара

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» деген болатын. Ал еңбек адамына түсетін қиындықты жеңілдетуде, қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғауда кәсіподақтың атқарар жүгі ауыр. Еліміз еркіндік алып, іргесі бекігелі қарапайым еңбек адамының құқын қорғаушы кәсіподақ.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлының бастамасымен Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай «Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музей» қорына ауданымызбен қатар құрылған кәсіподақ комитетінің мұрағат құжаттарын салтанатты түрде музей қорына тапсыру рәсімі өтті.

Аталған бірегей материалдар кәсіподақ комитетін басқарған төрағалардың өмірбаянынан бастау алып, осы таңға дейінгі атқарған жұмыстары бойынша фотоалбомдар.

Олар; аудандық кәсіподақ 1964 жылы аудан құрылған соң Бөген аудандық жоғарғы мектеп және ғылым мекемелері білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті болып құрылғанда комитет төрағасы қызметін 1964-1981 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің инспекторы Нұрмаханов Әбілқасым бірінші болып қоғамдық негізде,

1981 жылы комитет төрағасы лауазым ретінде бекітіліп комитет төрағасы қызметін 1984 жылға дейін Қазақ ССР-нің оқу ағарту ісінің үздігі Текеева Ғалия Еркінбекқызы,

1984-2010 жылдар аралығында сайланбалы түрде кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі Шұға Шыңғысқанқызы,

2010-2017 жылдар аралығында Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Маханова Замира Сабекқызы,

2017-2020 жылдары Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы басқарды.

2020 жылдың маусым айыннан бастап қазіргі таңда аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне Төлебаев Қайрат Асылбекұлы төрағалық етуде.

2024 жылдың 14 наурыз күні музей ұжымы, басшысы Әмре Алмакүл Әбілхайырқызының ұйымдастыруымен «Амал келді, Жыл келді» атты іс-шарасында кәсіподақ комитетінің фотоальбомдары табысталды.

Іс-шараға Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Маханова Замира Сабекқызы мен комитет төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлы қатысты.

Қатысушылар осындай шара ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен қатар азаматтық қоғамды дамытуда еңбекшілердің мүддесін қорғап, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне ұйытқы болып жүретін бірден-бір ұйым-кәсіподақ екендігін айқындау үшін маңызды оқиға және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі алар орны ерекше екенін атап өтті.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара