Аудандық іс шара
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылғы негізгі іс-шаралар жоспары мен «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Аудандық кәсіподақ құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары салауатты өмір салтын ұстану, сақтау шараларын 1 сәуірден өткізуді бастап кетті.
2024 жылдың 2 сәуір күні Ғ.Мұратбаев, С.Ысмайылов, Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен аудандық орталық ауруханамен бірлескен медиа-жоспар бойынша жергілікті медицина қызметкерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері, психолог, социолог мамандар денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын насихаттау, диагностикалық тексерулерден өту тәртібі туралы медициналық кеңестер өткізді.
“Тоқсансай” жалпы білім беретін мектебінде 1.04.2024жылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Исаева “Денсаулық жылы2024 жыл” өткізу жөніндегі іс—шаралар жоспарын жасап, бекітті. Жоспарға сәйкес “Денсаулық маршы” жаппай жаттығуды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ш. Тілеген өткізді.
“Жаман әдеттермен қоштасу” атты флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа аудандық оқушылар үйінің “Бұраң бел” үйірмесінің оқушылары мен үйірмеге келген барлық шәкірттер ат салысты.
“Денсаулық маршы” атты жаппай мекеме қызметкерлері мен үйірме тәрбиеленушілерінің қатысуымен таңертеңгі спорттық жаттығу жасалынды. Оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс— шаралар жалғасын табуда
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.