Аудандық іс-шара

28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Түлкібас ауданы бойынша білім беру мекемелерінде қызметкерлердің еңбегін қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша атқарылған жұмыстары сараланып ең үздік мектептердің директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларын марапаттау бойынша 25.04.2023ж күні аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен іс- шара өткізілді.

Өткізілген іс-шараға аудандық білім бөлімінің жауапты маманы Қыпшақбаев С, мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Мектеп директорлары аудан әкімінің “Алғыс хатымен”, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің “ Құрмет грамоталарымен” марапатталады.

Сонымен қатар 5-11 кластар оқушыларына арналған “Математика пәнін тереңдетіп оқыту” кітаптар жинағы Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен сыйға тартылды.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара