Аудандық өнер фестивалі
«ҚАЗАҚСТАН-БІЗДІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА ОТАНЫМЫЗ» Аудандық өнер фестивалі
Түркістан облысы қосымша білім беру орталығының жоспарына сәйкес 17 сәуір күні Шардара аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің қортынды фестивалінің Гала—концерті өтті.
Фестивальға ауданымыздың 300-ден аса өнерпаздары қатысып, өнер көрсетті. 2024 жылдың ақпан—наурыз айларында өткен іріктеу барысында мектептерден шыққан “Ең үздік фестиваль” “Үздік жанр” иелері гала—концертте марапатталды. Облыстық қосымша білім беру орталығының музыка жетекшісі Нигметова Клара Камбетовна, Айтов Мырзарайым, М.Әуезов атындағы университетінің аға оқытушысы Агабекова Салтанат, Архабаев Нұғман Сманұлы ауданның өнер фестивалін тамашалап, өз пікірлерімен бөлісті. Аудандық гала—концерттің құрметті қонақтары аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов, аудан педагогтарының кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Жұман жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, биіктен көрінуіне тілек білдірді.
Шардара аудандық кәсіподақ комитеті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары дарынды, өнерлі, шығармашылықпен айналысатын ұстаздар мен оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі фестивалға бастауыш кәсіподақ ұйымдары қаржылай жәрдем берді. Алдағы болатын білім сайыстарына қолдау көрсетеді.
Өнер фестивалі жылда жүздеген талантты өнерпазға өнері мен шеберлігін шыңдауға жақсы платформаға айналған. Осы тұста, фестивальға қатысқан барлық дарынды балаларға “Өнерлерің өрге домаласын ” деген тілек білдіреміз. Ал фестивальда үздік атанған М. Горький атындағы мектептің ұжымын, өнерпаздарын “БАС ЖҮЛДЕМЕН “, С.Құрманғазы атындағы мектепті және ” Жаушықұм” м/л жүлделі1 орындармен марапатталды.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.