АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

15 ақпан күні  — Ауған  соғысына  қатысқандарды еске алу  күні  болып есептеледі.     Бүгінгі күні  арамызда  осынау  алапат   ойранға  қатысып келген  жерлестеріміз де  аз емес. «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Ауған соғысына қатысқан, Жетісай ауданында білім саласында қызмет жасап жүрген  Шүкірбаев Әлібек , Нурбабаев Темирхан, Еденов Талгат, Медетбаев Елмурза ағаларымызбен өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет болды.  Адами әлеуетті дамытыу бөлімімен бірлесе Аудандық кәсіподақ комитеті кездесу өткізіп, Ардагер ағаларымызға сый сияпат көрсетіп алғыс хаттармен мараппаттап құрмет көрсетті. Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарын қиып, шақырғанымызға келгендеріне көп — көп рақмет айтылды! Осының өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше .

Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР