Ауғанның асуында от кешкендер

Мақтаарал  аудандық білім бөлімімен аудандық кәсіподақ комитеті жəне  Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған “Ауғанның асуында от кешкендер” тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен  салтанатты кездесу жиыны өткізілді.

Бүгінде Мақтаарал ауданында Ауған соғысына қатысқан 19 азамат бар. Бейбіт күнде олардың ерлігін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шара  мерекелік концертпен басталды. Қонақтардың құттықтау сөздері тыңдалып болған соң, ардагерлерге Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан сыйлықтар табысталды.  Мерекелік шараға арнайы жайылған дастархан мəзірінен соң, Мақтаарал ауданындағы білім беру ұйымдарының арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Қатысқан командалардың қызу ойыны барлық қонақтар мен жанкүйерлердің көңілінен шықты. Тартысты ойынның қорытындысы бойынша:

1-орынды “Нұрлы жол” ЖОМ командасы,

2-орынды  Қ.Қайсенов атындағы ЖОМ командасы,

3-орынды  Абылайхан атындағы ЖОМ командалары жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз командаларға сондай-ақ, үздік ойыншыларға мақтау грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

Шараға қатысқан ауданның зиялы  азаматтар қауымы ардагерлерге құрметін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер