АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 11 ақпан күні аудандық кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетінде Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерімен іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген алты Ауған соғысының ардагерлері бар. Атап айтқанда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шағдаров Әбдімәлік, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Исонбаев Хамро, Жас алаш жалпы орта мектебінің директорының шаруашлық істері жөніндегі орынбасары Ауелбеков Нурмурад, Мәдениет жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Лыжин Сергей, Болашақ жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Бапаев Дәулет және Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Есқанаев Серік.
Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың бірлескен Алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталып, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов білім саласында қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Мерекелік шара соңында Ауған соғысының ардагерлері аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовқа алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп, барша Ауған соғысының ардагерлін осы айтулы күнмен құттықтап, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі