АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен бірлесіп іс шара өткізді. Білім саласында қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне арналған іс шарада Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г. Турежанова интернационалдық парызға адал болған Ауған соғысы ардагерлері №31 бастауыш мектеп балабақшасының дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Адырбековке, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының кіші қызметкері Ә. Керімбековке, Р. Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ғ. Абдурашидовқа ыстық лебізін білдіріп, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлескен «Құрмет грамотасы» мен марапаттап, заттай сыйлықтар табыс етті. Іс шара концерттік бағдарламамен ұласты. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген Ауған соғысы ардагер жауынгерлерді қадірлеп құрметтеу біздің боршымыз.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.