Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
2023 жылы 13 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Жетісай аудандық алами әлеуетті дамыту бөлімі кәсіподақ ұйымының басшылығымен ғибраты мол іс-шара болып өтті.
Мерекелік шарада кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру мен жетілдіру жолданы туралы келелі кеңес Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету рәсіміне жалғасты.
Салтанатты шараның екінші бөлімінде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына арналған аудан мектептеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларынан құралған командалар арасында волейболдан «Кәсіподақ жүлдесі» ойындары өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық сайыста:
I-орынды – Қайнар МГ ұстаздары,
II-орынды – Асықата өңірі,
III-орынды – Жетісай өңірінің командалары жеңіп алды.
Аға ұрпақтың ерлік істерін бүгінгі жеткіншектерге насихаттау – Мәңгілік елдің тұғырын бекем етететін игілікті іс.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетнің баспасөз қызметі.