Ауған соғысы ардагерлері марапатталды

Ауған соғысы ардагерлері марапатталды

 

Биыл, 2020 жылы, 1979-1989 жылдар аралығында болған Ауған соғысының біткеніне 31 жыл толып отыр. Он жылға созылған соғысқа 22 000 қазақстандық жауынгер қатысса, оның 924-і мерт болып, 1 015 майдангер соғыс зардабынан мүгедек атанған, тағы 21 азамат хабар-ошарсыз кеткен болатын. Осындай ауыр зардапты соғыс кезеңі, онда қаһармандықпен шайқасқан аға-апаларымыздың ерлігі қазіргі жастарымызға үлгі, оларды патриоттық рухта тәрбиелеудің негізі.

Осынау айтулы күнге байланысты жылдағы дәстүрге сай Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде ардагерлермен кездесулер, Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына күніне орай түрлі іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Ол шараларда батырларымыздың ерлік істері дәріптеліп, бейбіт күннің маңызы, әлем елдерінің татулығы мен бейбітшілігі насихатталды.

Аталған мерекеге орай өткізілген іс-шаралардың қорытындысы ретінде білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлерімізді аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Мырзалиев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков барша білім саласы қызметкерлерінің атынан құттықтап, марапаттады. Жас ұрпақты патриотизм мен ұлтжандылықта тәрбиелеуге қосқан елеулі еңбектері үшін ардагерлеріміз – аудандық білім бөлімінің заңгері Шүкірбаев Әлібек Шүкірбайұлы мен М.Әуезов атындағы ЖОМ мұғалімі Нұрбабаев Темірхан Өмірбекұлы Алғыс хатпен марапатталып, төл мереке иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Ауған соғысы ардагерлері марапатталды Ауған соғысы ардагерлері марапатталды Ауған соғысы ардагерлері марапатталды Ауған соғысы ардагерлері марапатталды Ауған соғысы ардагерлері марапатталды Ауған соғысы ардагерлері марапатталды